Бала зорламақ болған ақмолалық әскери ұсталды — ІІМ

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі кәмелет жасына толмаған жасөспірімді зорламақ болған. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

— Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды. 

Еске сала кетсек, қазанда Ақтөбеде тергеу изоляторында бала зорлау ісінде күдікті өзіне қол жұмсаған еді.