Балабақша қызметкерлерінің еңбекақысы неге төмен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет сағатында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мұғалімдер мен балабақша қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Соңғы 11 жылда білім жүйесіне республикалық бюджеттен 1 трлн 207 млрд теңге салынды. Дегенмен де бүгінде білім саласы қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы ең төменгі деңгейдегілердің бірі болып қалуда. Осы орайда 86,5 мың теңгені құрап отыр», - деді Исимбаева.

Оның сөзіне қарағанда, білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мақсаттарының бірі мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларлардың сапалық құрамын жақсартуға негізделген. Алайда, дәл осы деңгейде кадрлармен толық қамтылмау байқалып отыр, әсіресе, тәрбиешілер көмекшілері тапшы. Себебі, көмекшілердің еңбекақысы 29 мың теңгені ғана құрайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мәліметіне қарағанда, 2016 жылы 77 мың орынға арналған 825 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылып, соның ішінде 45 мың орынға арналған жекеменшік балабақша қамтылған. Осы орайда 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамту 81,6 пайыздан 85,8 пайызға өсті.