Балабақша тәрбиешісі тәртіпке бағынбаған балаларды инемен «жазалаған»

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда балаларға қатігез қарады деген күдікпен балабақша тәрбиешісі қамауға алынды, деп хабарлайды Синьхуа .

Бұл ақпаратты Бейжіңдегі Чаоян ауданының прокуратурасы жариялады.

Лю есімді күдікті Бейжіңдегі жергілікті балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс жасаған. Оның балаларға жасаған қатыгездігі тұрғындардың наразылығын тудырды.

Тәрбиеші 25 қарашада қамауға алынды. Полицияның айтуына қарағанда, Лю ұйықтамай қойған балаларды тігін тігетін инемен «жазалаған».