деп хабарлады ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, қаңтардың 22-сі күні 10 сағат 14 минутта Балықшы кентіндегі №10-шы балабақшаның бірінші қабатында орналасқан қойма бөлмесінде (жалпы аумағы 4 шаршы метр) электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 100 бала қауіпсіз аумаққа көшірілді.
Төтенше жағдайды жою жұмыстарына ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.