Қалалық мәслихат хатшысы Үмен Байшығашевтың хабарлағанындай, бүгінгі таңда бес мыңға жуық кішкентай тараздықтар балабақшадағы өз кезектерін күтуде.
Республикалық және жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отырған «Балапан» бағдарламасы қабылданғануының арқасында, алдағы бес жылда Тараз қаласында 10 000 орынға арналған 50-ге тарта мектепке дейінгі мекемелер салу жоспарлануда.
Соның нәтижесінде, 20 000 бала балабақша орнымен қамтамасыз етілетін болады.