деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сайлаушылармен кездесулер барысында ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балабақша мәселелері де орынды көтеріліп жатыр. Соңғы уақытта басқа мақсатта пайдаланылып жатқан балабақшалар ғимараттары қайтарыла бастады. Осындай балаларға арналған мектепке дейінгі талай нысан жаңадан бой көтеретін болады. Балалардың тәрбие ошақтарын көбейтудің тағы бір жолы - оларды мектептерден бөлмей бірге салу. Шындығанда, бұл тиімді шара. Балдырғандар мектептер жанындағы бақшада тәрбиеленіп, білім алады. Жұптарын жазбай сол мектеп парталана отырады, одан кейінгі өмір жолдарына да тоғысып жатады. Бұндай тәжірибе бүгінде бар. Мәселен, қазақ-түрік лицейлері осындай жүйеде жұмыс істеуде», деді депутат А. Смайыл.