Балабек Нарбаев: Еліміз аман, Елбасымыз есен болып, бұл дертті бірге жеңеміз!

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев Елбасына коронавирус инфекциясынан тез жазылып кетуін тіледі.

«Елді жайлаған вирус Елбасымызға да жетті. Тұңғыш Президентіміз, «Nur Otan« партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа саулық тілеп, сауығып кетуін тілеймін! Еліміз үшін, ертеңіміз үшін ерекше ынта, ықаласпен жасап келе жатқан еңбегіңіз ерен! Коронавирус індеті жер-жаһанды жайлап, өңірлерде де өршіп барады. Еліміз аман, Елбасымыз есен болып, біз бұл дертті бірге жеңеміз! Қазақ елі - аурудан аман болсын! Деніңізге саулық, дертке шипа тілейміз!» деп жазды ол.