Оның сөзінше, ең кең тараған мәселе – ата-аналар мен перзенттерінің бірін-бірі түсінбеуі.
– Отбасылық жағдай тақырыбына жете мән беруіміз керек деп ойлаймын. Кей ата-ана хабарласып, көмек сұрайды. Ондай жағдайда ардагерлер кеңесі мүшелері ұстаздармен, мектеп басшыларымен, ата-аналармен кездесіп, мәселені талқылайды, ақыл-кеңесін береді, – деді Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл.
Ал екінші мәселе – балалар арасындағы буллинг. Мұндай жағдайда түйткілді шешу алгоритмі бар.
– Буллинг фактісі бойынша қайда хабарласып, шағымдану керектігін әр мектеп біледі. Одан бөлек, 111 нөмірі бойынша байланыс орталығы психологиялық көмек көрсетіледі. Астанада бұл орталыққа қоңырау, шағым көп түседі. Мен соған қуанамын. Өйткені балалар бізге сенеді. Егер өз мектебіндегі психологке бармаса, бізге хабарласып, мәселесін айтады. Бұл жақсы үрдіс деп ойлаймын. Себебі балалар көмекті кімнен сұрау қажеттігінен хабардар. Аталған нөмір бойынша мамандар оларға жәрдемін ұсынады, – деді маман.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде оқушыларды есепке алу мен буллингке қатысты талаптар өзгергенін жазғанбыз.