Балалар «Еуровидениесінде» Украиналық қыз бала жеңіске жетті

None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Амстердамда «Еуровидение-2012» балалар байқауы аяқталды. Онда Украинадан келген Анастасия Петрик жеңіске жетті, деп хабарлайды Утро.ру.

«Аспан» өлеңін орындаған украиналық кішкентай әнші 138 ұпай жинады. Байқаудың өткен жылғы жеңімпазы - грузиялық The Funkids квартеті 103 ұпай жинап екінші орын алды. Ал 98 ұпай жинаған армениялық Compass Band үшінші орынды қанағат тұтты. Ресейлік жас әнші Валерия Енгалычева төртінші орыннан көрінді.