Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы - ҚР ҰҒА-ның «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы.
«Бұл шара Адамзаттың ғарышқа ұшуының халықаралық күніне орай өткізілді. Экскурсия барысында балаларға Ұшырылымдарды басқару орталығы, сондай-ақ Байланысты бақылаудың басқару орталығы көрсетіліп, онда олар «KazSat-2» байланыс және тарату спутнигін бақылауы қалайша жүзеге асырылатынын біле алды»,-делінген Қазғарыштың баспасөз қызметнің мәліметінде.
Кездесу соңында Ақкөл қаласы балалар үйінің өкілдері іс-шара ұйымдастырушыларына қызықты өткен экскурсия үшін алғыс білдіріп, ЖБК қызметкерлеріне балалар үйі тәрбиеленушілерінің бірі салған суретін сыйға тартты. Өз кезегінде, «РҒБО» АҚ өкілдері балаларға телескоп және жұлдызды аспан картасын сыйлады.
Естеріңізге салайық, алғашқы қазақстандық Ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласында 2005 жылы желтоқсанда құрылған. «Ақкөл» ЖБК «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарын басқару, бақылау және ғарыш аппараттарының берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын ұстау міндеттерін үздіксіз орындауға арналған. Аталған жерүсті кешені ең жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ ЖБК-нің бүкіл инженерлік құрамы ҒА басқару және байланыс мониторингі саласында арнайы білім алған.