Ведомство мәліметінше, қазақстандық армияның әскери қызметшілері ата-ананың мейірімі мен махаббатына бөленбеген балалар үшін сыйлықтар табыстай отырып, концерті бар нағыз мереке өткізуде. Сонымен, мейрам қарсаңында ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институты ұжымы Алматы облысындағы № 1 балалар үйіне барды. Бөбектер үйінің тәрбиеленушілері, яғни, «Жалын» футбол командасының мүшелеріне футбол киімі сыйға тартылды. Одан басқа, ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскери бөлімінің аумағында жеке құрам Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап «Мейірімді жүрек» қайырымдылық шарасын өткізді. Іс-шараға барлығы 250-ден аса бүлдіршін қатысты. Шара өткізілу барысында балдырғандарға сыйлықтар мен тәттілер тарту етілді.
«Мұндай қайырымдылық акциялардың өткізілуі Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін дәстүрге және қазақстандық өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда жетілдіруде ұзақ жолдың жалғасын табуына айналды және осындай іс-шаралардың өткізілуі жетім балалардың тағдыры мен денсаулығына қоғамның жауапты болуына ерекше назар аудартуға мүмкіндік береді», - делінген министрлік ақпаратында.