Балалар мінген қайық электр желісіне соғылып, үшеуі қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Техас штатында скаут қозғалысының үш мүшесі мінген желкенді қайық электр желісіне соғылды.

 Қайықтағы үш бала ажал құшты, деп хабарлайды Chicago Tribune басылымы.

Екі жасөспірім сол жерде қаза тапты. Тағы бірі шұғыл жағалауға жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Бірақ дәрігерлер 11 жасар баланың өмірін ажалдан арашалап қала алмады.

Электр желісінің неліктен суға жақын орналасқандығы түсініксіз болып отыр. Техас полициясы тергеу жұмыстарын жүргізуде.