Балалар өлімі: Өзбекстан президенті Фармацевтика агенттігінің басшысын жұмысынан босатты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдің Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің директоры Сардор Кариевті қызметінен босатты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

«Балалар өлімі сала жағдайын, бақылау жоқтығын көрсетті. Барлық жауапты тұлғалар заң алдында жауап береді», - деп мәлімдеді президент.
Жұма күні өткен отырыста президент «Док-1 Макс» дәрісін қабылдаған балалардың өліміне қатысты жағдайды қатты сынға алған.
Еске салайық, Өзбекстан тұмау мен суық тиюге қарсы үнділік «Док-1 Макс» препаратын сатуға уақытша тыйым салынды. Аталған дәрі Самарқан облысында қайтыс болған 18 баланың өліміне себепкер болуы мүмкін. Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.


Фото: Шухрат Латипов / «Газета.uz»