Оқиға биыл 14 наурызда болған. Әйел балаға дене жарақатын салған.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, толықтай өкініш білдірді. Сот оның шын өкінгенін және кәмелетке толмаған баласы барын жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алды.
— Бұдан бөлек, аз және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған адам қылмыстан келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеген, моральдық және өзге де зиянды жойған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Айыпталушының әрекеті қылмыстық теріс қылықтар мен кішігірім ауыр қылмыстар санатына жатады, — деп атап өтті сотта.
Сот әйелді кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамады және дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмағанға әдейі жеңіл дене жарақатын келтірді деп таныды.
Оған алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Ол пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетелік Қостанайдағы арнайы орталықта 16 жастағы қызды үтікпен күйдіргені туралы жазған едік.