Балалар үйі Жаңаөзеннен Маңғыстау облысының орталығына көшіріледі
18:11, 30 Шілде 2012
АҚТАУ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Бірнеше жыл бойы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан облыстық балалар үйі көшірілуде.
Оны облыс орталығы - Ақтау қаласына көшіру жөнінде шешім қабылданды. Көшірілетін ғимарат та дайын. Балалар үйінің тәрбиеленушілері 14-шағынауданда орналасқан ғимараттың бірінде тұратын болады. Ол жерде бұған дейін Маңғыстау облысы дарынды балалар үшін облыстық қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицейі орналасқан болатын.
Қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицейіне заманауи ғимарат ұсынылды. 1 қыркүйектен бастап ол бұрынғысынан 250 оқушы артық қабылдай алады.