«Алаңдағы кигіз үйлердің дастарханынан кез келген адам дәм тата алады. ет асып, бауырсақ пісірдік. Әрине, наурыз-көже де бар. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін де дастарханға шақырдық. Олар да ыстық бауырсақтан дәм татып, қуанып қалды»,-дейді Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Диана Сапарқызы.
Қаланың бас алаңына есігі шығысқа қараған ондаған киіз үй тігілген. Әр киіз үйдің дастарханын мемлекеттік органдардан басқа, шағын және орта кәсіпкерлер де дәмді тағамдарға толтырған.
«Қазақмыс» корпорацияның менеджері Юрий Доценконың айтуынша, компания бүгінгі мерекеге орай жігіттерді қазақ батырлары сияқты киіндіріп, дастарханды дәмге толтырған.
«Қазақтың салт-дәстүрі жаныма жақын. Осы жерде туып, осы жерде өстім. «Қазақмыс» корпорациясының атынан қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын»,-дейді Юрий Доценко.