16 бала байқау жеңімпазы атанды.
Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына Астана қаласындағы «ЮНЕСКО клубы - балалар көркем мектебі» атсалысты. Жоба демеушісі - «ҚазТрансГаз» АҚ.
Байқау балалар үйлері мен интернаттардың дарынды тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетуге, олардың шығармашылық шеберлігін дамытуға бағытталған. Байқауға 11-16 жас аралығындағы балалар қатысты. Тақырыптары: «Менің Қазақстаным - менің жерім», «Біз татулықта өмір сүреміз!», «Менің арманым».
11-13 жас аралығындағылар арасында бірінші орынға Алматы қаласының №15 мектеп-интернатының оқушысы Әйгерім Омарқұлова мен Солтүстік Қазақстан облысының Соколов арнайы мектеп-интернатының оқушысы Вадим Устимиров ие болды. 14-16 жаста Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Қарғабай Әбішев пен Алматы қаласының №9 мектеп-интернатының оқушысы Амангүл Сақыбекованың жұмысы үздік атанды.
Астана қаласында 6-8 маусым күндері өткізілетін салтанатты іс-шарада байқау жеңімпаздарына дипломадар, сертификаттар, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жыл сайын өткізілетін болады.