Балалар үйлеріндегі қаракөздермізді мүфтият өз қамқорлығына алса- Нұртөре Жүсіп

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы жетімдер үйлеріндегі балалардың көбі тәлім-тәрбиені орыс тілінде алып жатыр. Бұл жайлы бүгін Алматыдағы Мәуліт мерекесіне арналған алқалы жиында сөз болды.

«Жақында Ресей патриархары Ресейдегі білім беру туралы заңға өзгерістер енгізіп, балабақшадан бастап првослав дінін насихаттау туралы бастама көтерді. Сол бастамаға орай қазір бүкіл жетім балалар үйлері шіркеудің қамқорлығына алынғалы жатыр», - дейді «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.

Жиында «Ислам және қазіргі қоғам» деген тақырыпта сөз сөйлеген көсемсөзші Қазақстандағы балалар үйлеріндегі жетімдердің көбі орыс тілінде тәлім-тәрбие алып жатқанына өкініш білдірді. "Балалар үйлеріндегі қаракөздерді біздің мүфтият өз қамқорлығына алса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені жетімнің демеушісі де жебеушісі бір Алла. Одан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сырт қалмаса деген өз ұсынысын жасады", - деді ол.