АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданының «Кемел» ықшамауданында Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа кешеннің секциялары мен үйірмелері балаларға тегін болады.
Сондай-ақ мұнда көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және шығыс жекпе-жегінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейтін болады.
Ғимараттың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр, жобалық қуаты – ауысымына 94 адам.
Кешеннің құрылысы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және «Шетсіз қала» жобасы аясында өткен жылы басталды.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.