— Балалардың даму скринингі физикалық даму, қимыл-қозғалыс белсенділігі, сөйлеу қабілеті, танымдық мүмкіндігі, эмоциялық еркі мен әлеуметтік мінез-құлқын бағалау арқылы даму бұзылыстарын ерте кезеңде анықтауға бағытталған, — делінген құжатта.
Балаларды даму скринингінен өткізудегі міндеттер:
— 6 жасқа дейінгі балаларды қамту (бұған дейін 5 жасқа дейін жүргізілетін);
— дамуында бұзылыс қаупі бар балаларды ерте анықтап, әрі қарай тексеруге, дер кезінде алдын алуға және оңалтуға жолдау;
— Ерте араласудың жеке бағдарламасын әзірлеуге жолдау;
— дамуында бұзылыс қаупі бар балаларды түзету-дамыту оқыту мәселесін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау;
— даму скринингінен өту және медициналық ақпараттық жүйеге енгізу;
— ата-анаға немесе заңды өкілге консультативтік көмек көрсету.
Бұйрық 2025 жылғы 6 қыркүйекте күшіне енеді.
Бұған дейін елімізде ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін қандай жұмыс атқарылып жатқаны туралы жазған едік.
Тамыздың басында Үкіметте ана мен бала өлімін азайту шаралары талқыланды.