Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру, отбасылық саяхаттарды қолдау және ішкі туризмді дамыту негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалды.
Осы мақсатта елімізде балалар мен ата-аналарға арналған спорттық, мәдени және туристік іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі – «Бурабай-2026» жартасқа өрмелеу республикалық фестивалі.
2026 жылға арналған оқиғалар күнтізбесі аясында жазда балалар мен жастарға арналған 20-дан астам ірі іс-шара өткізу жоспарланған. Маусым айында Алматы облысында «NomadFest», Қарағанды облысында «Balkhash Tour Fest» және Ұлытау облысында «Көкмайса» фестивальдері өтеді.
Шілде айында Астанада «Асыл Мұра» мәдени-отбасылық іс-шарасы, Жетісу облысында «Алакөл толқыны» жастар жобасы және Атырау облысында экологиялық «Лотос фестивалі» ұйымдастырылады.
Тамыз айында халықаралық «Comic Con Astana» фестивалі өтеді. Сонымен қатар Алматы облысында «Байсерке аспаны» отбасылық авиациялық фестивалі және басқа да мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту аясында Kids Go Free бағдарламасы жалғасады. Бағдарлама балалардың әуе билеттерін субсидиялауға бағытталған. Бағдарлама іске қосылғалы бері 7 мыңнан астам бала тегін әуе сапарына шыққан. Биыл тағы 2 мыңға жуық бала осы мүмкіндікті пайдалана алады.
Балалардың каникул кезіндегі белсенді демалысын қамтамасыз ету үшін Ақмола облысындағы «Парус», Шығыс Қазақстан облысындағы «Сарыбел» және Абай облысындағы Алакөл демалыс аймақтарында сауықтыру-спорттық лагерьлер ұйымдастырылады.
Қабылданып жатқан шаралар балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуге, олардың елдің мәдени-туристік әлеуетімен танысуына және отбасылық демалысты дамытуға мүмкіндік береді.
Осыған дейін балалардың жазғы демалысын жақсы ұйымдастырған өңірлер турлы жаздық.