Балаларды донорлықтан айыруға болмайды - Юрий Пя

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пяның айтуынша, Қазақстанда заң бойынша балалардың ағзаларын алмастыруға рұқсат жоқ. Сол себепті ондай оталар шетелде қымбат ақшаға жасалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мысалы, үш жасар баланың жүрегін алмастыру отасы Үндістанда жасалды. Себебі бізде балалардың ағзаларын алуға рұқсат беретін заң жоқ. Білуімше, қазіргі кезде осы саладағы заңнама әзірленіп жатыр», - дейді Пя мырза.

Оның айтуынша, Қазақстанда жүрек алмастыру оталары мемлекеттің есебінен жасалады. Шетелде балаларға жасалған трансплантациялар да бюджеттен төленеді.

Жалпы, республика бойынша жүрек трансплантациясына зәру адамдардың саны 200-ден асып жығылады. Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталықтың өзінде 100 адам кезекте тұр.

«Олардың ішінде балалар жоқ. Себебі бізде тек үлкен адамдардың жүрегін алмастыруға рұқсат бар. Осыған байланысты балалар кезекке қойылмайды. Әрине, балалардың арасында жүрек ауруы барлар аз. Дегенмен, оларды аз деп, донорлықтан айыруға болмайды. Ондай балалар заңның жоқтығынан зардап шекпеуі тиіс», - деп атап көрсетті Юрий Пя журналистерге берген сұxбатында.