Бұл - әлемдік және қазақ классиктерінің еңбектері, мектепке дейінгі оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті және қазақ ертегілерінің аудиодискілері, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінен.
Шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың қазақ тілін үйренуін ынталандыру мақсатында Қор қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйренуге болатын www.soyle.kz порталында биыл «Балаларға арналған қазақ тілі» бөлімін ашуды жоспарлап отыр.