«Біз үшін маңызды мәселенің бірі – оқушылардың 20 наурыздан бастап 31 наурызға дейін созылатын көктемгі каникулын өткізу. Каникул «Қазақстан балалары – көктемгі тамшы» ұранымен өтеді. Каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру үшін онлайн режимде өтетін іс-шаралар жоспары әзірленді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.
Ол ата-аналар мен оқушылардан карантин шараларын сақтауды өтінді.
«Алдымызда мейрам күндері мен каникул күтіп тұр. Оқушылардың жақсы демалып, төртінші тоқсанға ынта-жігермен келуіне тілектеспіз. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық норманы сақтауларыңызды сұраймыз», - дейді ол.