«Балалардың құқын қорғау комитеті осы жағдайды бақылауға алды. Қазір оқушы ауруханада ем алып жатыр. Зардап шеккен балаға жан-жақты көмек көрсетіледі. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдардың бәрі жазаға тартылады», - делінген комитет мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, ведомство балалар зұлымдығының алдын алу үшін өңірлердегі білім беру ұйымдарына тәрбие жұмыстарын және балаларды 100% қосымша біліммен қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырды.
Павлодарда университет жанындағы стадионда бірнеше адам 14 жасар жасөспірімді соққыға жыққанын еске сала кетейік. Төбелеске қатысқан адамдардың барлығы анықталды.
10:45, 01 Тамыз 2023
Балалардың құқығын қорғау комитеті Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісін бақылауға алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісі бақылауға алынды және осы жағдайға кінәлі адамдардың барлығы жазаланады, деп мәлімдеді Балалардың құқын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.