— Онда 16 жасқа дейінгі балаларға тіркеуден өтуге шектеу болады деген норма бар. Жаңа тетіктерді әдейі заңға енгізіп жатырмыз. Бұл қадамдар қазір мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр. Бұл құжат әлі Парламентке енгізілген жоқ, - деді Е. Кочетов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Министрлік әзірлеген ұсыныстардың ішінде онлайн коучтердің жұмысын реттейтін нормалар да бар.
Кочетовтің айтуынша, кейінгі жылдары Еуропаның көптеген елінде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заңнамалық өзгерістер пысықталып жатыр. Мұндай шектеулер Австралияда да күшіне енді.
— Бірқатар еуропалық елде қазір осы саладағы заңнама қайта қаралып жатыр. Жалпы, Еуропарламент мұны ұлттық заңнамаға енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, бұл норманың қажет екеніне сенімдіміз, - деді вице-министр.
Қазір министрлік түзетулер жобасын басқа мемлекеттік органдармен келісіп жатыр.
— Жаңа нормалар Үкімет қарауында. Енді осы нормаларды Құрылтай алаңында талқылаймыз», - деді Кочетов.
Айта кетейік, жыл басында әлеуметтік желіге кірушілерді жасына қарай шектейтін заң жобасы талқылауға шығарылғаны мәлім болды.
Бұған дейін елімізде Құрылтай туралы заң қабылданғанын жазған едік.