Балаларға арналған әдеби шығармалардың халықаралық бәйгесі өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 20-сында балаларға арналған әдеби шығармалардың "Дарабоз" халықаралық бәйгесіне үміткерлерді қабылдау рәсімі аяқталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның ұйымдастырушысы "Жерсу" корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы. Мақсат - жас өскінді өз кітабына бет бұрғызу және балаларға арналған әдеби шығармалар жазатын жазушыларға қолдау көрсету. Оған 1-8 сынып оқушыларына арналған прозалық, поэзиялық және драмалық шығармалар қабылданады. Қорытындысы балаларды қорғау күні қарсаңында шығарылатын бұл додада Бас бәйгеге 350 мың теңге беріледі. Сондай-ақ 2 бірінші (170 мыңнан, 2 екінші (80 мыңнан), 3 үшінші (50 мыңнан) орын және бірнеше ынталандыру сыйлықтары (36 мыңнан) тағайындалып отыр. Жүлде алған шығармалар кітап боп басылып шығып, республикадағы барлық білім беру мекемелеріне таратылмақ.