Бұл футбол алаңы құрылысында барлық стандарттық талаптар сақталған, ондағы жасанды шөп сонау Голландиядан әкелініп, барлық халықаралық өлшемдерге сәйкестендірілген.
Осы алаңның ашылуына байланысты Жамбыл облысында футболды дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Жамбыл облыстық футбол федерациясы осындай 20 аяқдоп алаңын жоспарлады, оның 10-ы Тараз қаласында салынатын болады.
Облыс әкімі өз сөзінде мұңдай алаңдарды балалардың аула клубтары балансына беруге уәде етті. Олар сол ауданда тұратын балалардың жаттығу жұмысын ұйымдастыратын болады. Сөйтіп жеткіншек ұрпақтың жақсы жағдайда футболмен айналысуына мүмкіндік туады.