Бұндай тұжырымды жасамас бұрын ғалымдар ата-анасының балалармен қарым-қатынасы түсірілген 451 отбасының бейнежазбасын зерттейді. Мамандар әке-шешесінің балаға көзқарасын анықтап алып, кейін баланың денсаулық жағдайын бақылауға алады. Белгілі болғандай, ата-анасы қатал қараған отбасының балалары семіздікке душар болған. Тіпті туған үйінен бөлек шыққанның өзінде ол артық салмақтан арыла алмаған. Осыған байланысты мамандар баланың дені сау болуы үшін тым қатал болмауға кеңес береді.
07:14, 26 Сәуір 2016
Балаларға қатал қарау семіздікке алып келеді - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айова штатындағы Мемлекеттік университет мамандары балаларға қатал қарау олардың семіздікке шалдығуына алып келетіндігін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.