Балаларға қаталдық танытқан: Қостанайдағы жекеменшік балабақша тексерілетін болды

Фото: видеодан алынған кадр

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай облыстық білім басқармасы жекеменшік балабақшада балаларға қаталдық таныту әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Қостанай қаласының білім бөліміне жеке меншіктегі «Аманатик» ЖШС балабақшасына барып жүрген балалардың ата-аналарынан шағым түсті. Осы шағымдағы фактілер негізінде мекемеге тексеру жүргізіледі.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл балабақшада мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Келіп түскен шағымдарға байланысты мекемеге арнайы комиссия жіберіледі.

- Мұндай жағдайға жол берілмейді. Балалардың өмір мен денсаулығы, құқықтарының қорғалуы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдық болып келген және солай қала береді, - делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Сонымен қатар «Қаржы орталығы» АҚ-ға балабақшаны қаржыландыруды уақытша тоқтату туралы хат жолданды.

Осыған дейін Қостанайда жекеменшік балабақша қызметкерлері балаларға қатыгездік танытқаны туралы жаздық.