Балалар құқығын қорғау саласындағы жағдайды зерттеу аясында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми мәліметтеріне жүргізілген талдау негізінде Сандж зерттеу орталығы Қазақстанда балалардың толық қауіпсіздігі қамтылмаған деп хабарлайды.
Дегенмен ауырлығы орта құқық бұзушылықтар үлесі азайды (2016 жылы 0,5%, ал 2017 жылы 0,3%). Кәмелетке толмағандардың қатысуымен ерекше ауыр қылмыс түрлеріне жататын құқық бұзушылықтар көбейген - 16,6% (2017 жыл).
Мұндағы айта кетер жайт, соңғы үш жылда құқық бұзушылық азайып келеді. Атап айтқанда, 2015 жылы 1% болса, 2016 жылы 0,7%-ға, 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 0,6%-ға төмендеген, бірақ ерекше ауыр құқық бұзушылықтардың керісінше өсе бастағандығын атап өткен де жөн. 2016 жылы балаларға қатысты ерекше ауыр қылмыстар үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға азайған (2015 жылы 20,2%, ал 2016 жылы 15,6%). Алайда 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 1%-ға қайта көтерілгені байқалады (16,6%).
Аймақтар бойынша отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 10 мың адамға шаққанда 1,84, Маңғыстау облысында - 1,24, БҚО және Павлодар облыстарында - 1,15. Ең жиі кездесетін өңірлер - ОҚО мен Атырау облысы.