Балаларға қызылшаға қарсы екпе салу міндеттеле ме – министр жауабы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балаларға қызылша ауруына қарсы вакцина егу шарасына қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Кazinform. 

Фото: gov.kz

«Әзірге жоспарда жоқ. Мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде 800 мың бала екпе алмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер медициналық қарсы көрсетілімдер болса, вакцинадан бас тартуға болады», - деп жауап берді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, медициналық тұрғыдан тыйым салынбаған азаматтар мен балалардың ата-аналарды қызылшаға қарсы екпе алуға кеңес берді.

«Бүгінде вакцина алуы тиіс балалардың ата-аналарымен жұмыс істеудеміз», - дейді ведомство басшысы.