«Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық шарасының нәтижесі бойынша есеп берілді

None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық шарасы барысында 959 654 АҚШ доллары жиналып, Қазақстан бойынша 160 денсаулығы нашар балаға көмек көрсетілді.

Бұл жайында «Мейірімділік» ерікті қоғамының басшысы Аружан Саин есеп беру баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш бірлестік қайырымдылық шарасын 2007 жылдан бері өткізіп келеді. Осы жылдар арасында көптеген адамдар мен  «Мост отряд» компаниясы, «Достар» қоры және «Ресейлік көмек қоры» қол ұшын берген.

«Бүгінгі баспасөз мәжілісі Томск кардиология бөлімі дәрігерлерінің Қазақстанға келуімен тұспа-тұс келіп отыр. Олар осы жолы жүрегі нашар балаларға тегін кеңес береді, бұл олардың қайырымдылық қызметімен 4-ші рет келуі. Томск дәрігерлері «Барлық балаларда бірыңғай жүрек» атты ұранмен қызмет көрсетпек. Кеңес беру аясында дәрігерлер 150- дей қазақстандық баланы қарайды, оның 50-не Томск ҒЗИ кардиологисында операция жасалған. Сонымен қатар бірнеше балаға  шет елде емделуіне жағдай жасалды. Мұнымен біз бұл шараны тоқтатпаймыз, әлі де жалғасын таба бермек», дейді А.Саин.

«Мейірімділік» қорына өз алғысымды білдіргім келеді, ұлым Максимнің жүрегінде ақау бар еді, осы қордың көмегімен Томск дәрігерлерімен дер кезінде байланысып, көмек көрсетілді», дейді Валентина Логайская.