Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтарды пілдер тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рождество қарсаңында Таиландта балаларға пілдер сыйлық таратып, мәз қылды.

Санта Клаус кейпіне енген пілдер 30 градус шыжыған ыстыққа қарамастан, көшелерге шығып, бүлдіршіндердің көзайымына айналды, деп хабарлайды 24.kz. Корольдік пілдер саябағының белсенділері осылайша бірнеше мың оқушы үшін мереке ұйымдастырды. Олардың айтуынша, пілдер өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.

«Балалар Санта Клаус киімін киген пілдерге дән риза. Бұл - ерекше құбылыс қой. Пілдер Таиланд мәдениетінің бір бөлігі. Жұрттың мерекелік көңіл-күйі біршама көтерілді»,-дейді осы мерекелік шараны ұйымдастырушылардың бірі Пол Кэмпбелл.