Іс-шара барысында елдің мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға жасалатын зорлық-зомбылық проблемаларына жүргізілген зерттеудің бастапқы нәтижелері ұсынылды. Бұл туралы аталмыш ұйымдардың баспасөз қызметінен хабарлады.
Дөңгелек үстел отырысы 2010 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ЮНИСЕФ арасында жасалған Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өткізілді.
Өткізілген зерттеу нәтижесі аталмыш мекемелерде балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың түрлі сипатта болатындығын және олардың өріс алып отырғандығын аңғартты.
Талқылауға Жоғарғы Соттың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ортаның, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.