«Балаларымның мұрагерлік мәселесін ойлаған емеспін. Себебі, бұл біздің еліміздің заңына жат. Біздің биліктің ауысуы - Конституцияда жазылған. Егер де мен президенттік мерзімім аяқталмай тұрып, отставкаға кетсем, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы президент қызметін жалғастырады. 2020 жылы сайлау өтеді және сол сайлау кімнің президент болатынын анықтайды. Яғни, бұл мәселе конституцияға сай шешіледі. Сондықтан, бұған алаңдамау керек. Жалпы, билікке тоқталатын болсақ, Қазақстанда президенттік басқару», - деді Н.Назарбаев.
Президент атап өткендей, өз тарихында ешқашан либералды басқару болмаған қоғам үшін, он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бері Ресейдің қол астында болған Қазақстан үшін бірден либералды қоғамға өту дұрыс болмайтын еді.