№32 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Әсел Елемесова балаларға тұмауға қарсы екпенің маңыздылығын айтты.
«Тұмау – жоғары тыныс жолдарының қабынуы. Тұмау кезінде адамның қорғаныш қабілеті төмендейді, ауру ары қарай бактериалды пневмонияға асқынып кетуі мүмкін. Вакцинация 6 айдан асқан балалардың барлығына жасалады. Ең алдымен, қауіп тобына жиі ауыратын балалар кіреді. 2019 жылмен салыстырғанда балаларына екпе алғысы келетін ата-аналар саны артып келеді», - деді Әсел Елемесова.
Биыл Алматыда 350 балаға тегін екпе жасалады. Қазір олардың 280-і екпе алып үлгерді.
Вакцинация алдында бала толық тексеруден өтеді. Егер қарсы көрсеткіштер болса балаға екпеге тыйым салынады.