«Балалық шағымның аспаны» фильмі тегін көрсетіледі

None
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Астана кинотеатрларында  2012 жылдың 1 және 2 желтоқсанында қаланың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтағы тұрғындарына «Балалық шағымның аспаны» фильмі  тегін көрсетіледі.  Бұл туралы astana.kz Астана қаласының ресми сайтынан хабарлады.

Көрсетілім Тұңғыш Президент Күніне орайластырылған. 

«Балалық шағымның аспаны» -  Рүстем Әбдірашевтің  Н.Ә.Назарбаевтың балалық және жастық  шағы туралы түсірген көркем картинасы.  Фильм «Оңшылдар мен солшылдарсыз», «Дүние кіндігі»,  «Еуразия орталығында»  кітаптарының желісі бойынша түсіріліп,  Елбасымыздың өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді.