Көрсетілім Тұңғыш Президент Күніне орайластырылған.
«Балалық шағымның аспаны» - Рүстем Әбдірашевтің Н.Ә.Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы түсірген көркем картинасы. Фильм «Оңшылдар мен солшылдарсыз», «Дүние кіндігі», «Еуразия орталығында» кітаптарының желісі бойынша түсіріліп, Елбасымыздың өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді.