Іс-шараға ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, режиссер Рүстем Әбдірашев, әртістер Ержан Жарылқасынов, Алмагүл Әлішева, Әбілмансұр Серіков, Елжас Әлпиев, композитор Қуат Шілдебаев, сценарий авторы Шахимарден Құсайынов, оператор Александр Рубанов пен тағы басқалар қатысты.
Естеріңізге салар болсақ, Елбасының балалық шағы мен жастық шағы туралы түсірілген туындының тұсаукесері Астанада өткен. Ол кәсіби мамандар мен қарапайым көрермендердің тарапынан жоғары бағаланды.