«Балама автобусты жуғызды»: Тексеру кезінде ақпарат расталмады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Құқық қорғау органдары мен тасымалдаушы бірге тексеру жүргізді. Нәтижесінде ақпарат расталмады. 

Фото: pixabay.com

«Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов «балама автобустың еденін жуғызды» деген ақпараттан соң тексеру жүргізілгенін, алайда оның расталмағанын айтып, мәлімдеме жасады. 

— Ішкі тәртіппен тексеру кезінде ешқандай жағдай анықталмады. Арызданушы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Құқық қорғау органдарына қажетті мәліметтер берілді. «Автопарк» ЖШС-і 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсетіп келеді. Күнделікті нұсқаулық беріледі. Жасөспірімдердің жолақысы болмай қалса, бітсе жеткізіп, ескертумен шектелуді айтамыз, - деді «Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов. 

Еске салсақ, ақтөбелік тұрғын жолақысы болмай қалған балаға автобус жүргізушісінің еденін жуғызғанын айтып, полицияға шағым түсірді.