Баландин әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
09:20, 25 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі аяқталып, Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Баландин аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішіндежүзіп өтіп, жалпы есепте 11-ші орынға тұрақтады. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтижекөрсетті. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр.Екінші орында ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық МаркоКох (2:08.70) түйіндеді.
Айта кетелік, Баландин 200 метрге брасс әдісіменжүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылайфинал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.