Дмитрий қазіргі күндері Болгария ашық чемпионатына қатысуда. Сайыстың алғашқы күні отандасымыз 100 метрде брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған болатын.
Жарыстың екінші күні 50 метрде брасс әдісімен жүзуде қола жүлдеге ие болды. 28,05 секунд нәтиже көрсеткен отандасымызды күміс жүлдегер атанған болгар Лачезар Шумков пен словак Марек Ботик ұтып кетті.