«Жасөспірім кезде бала мен ата-ана арасындағы қарым қатынас азаяды. Бала көп уақытын үйдегі үлкендермен емес, қатарластарымен өткізе бастайды. Кей ата-ана балаға кіммен араласу керектігін айтып, қатарластарынан алшақтатып, өзіне жақындатуға тырысады. Егер сіз сондай ата-ана қатарынан болсаңыз, тоқтатыңыз!» деп жазады басылым.
Басылымның жазуынша, осы тақырыпта ізденіп, көптеген кітап жазған авторлар ата-аналарға баланы қинап ұстаудың орнына бірге уақыт өкізіп, үйден тыс бір жерге баруды әдетке айналдыру керектігін жазған.
«Кейбірі баласына дауыс көтереді, бұйрық береді, қатаң тәртіп орнатады. Дегенмен, ата-ана баламен байланысын жақсарту үшін адам ішкі сезіміне сенуі керек» деп жазады автор.
Оның айтуынша, бала тәрбиесі тәжірибені қажет етеді деп жазатын кітаптарға көп сене беруге болмайды.