Төрт жасар бала мейрамханадағы тойға келген қонақтардың бірі болған. Ауыл әкімі Төлеген Іргебаевтың айтуынша, бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған. Әкім жұмыстан қайтып келе жатқанда баланың айғайлап жылаған дауысын естіген.
«Бала ашық құдыққа құлап кеткен екен. Құдық соншалықты терең деп ойламаппын, тереңдігі бес метрдей», - деді кент әкімі Төлеген Іргебаев.
Шенеунік құдықтың қабырғасына аяғын тіреп, төмен түскен. «Баланы өздігіммен жоғары көтеріп шыға алмады. Маңайдан өтіп бара жатқандарды көмекке шақыра бастадым», - деді ол.
Оның айғайлаған дауысын бойжеткен қыз естіп, көмекке ер адамдарды шақырған. Сөйтіп баланы да, әкімді де шығарып алған.
Оларға медициналық көмектің қажеті болмады. Ашық жатқан құдықтың иесі кафенің қожайыны болып шықты.