Баланың 6 жасында мектепке баруы: Ата-аналарға кеңес берілді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова баланы мектепке 6 немесе 7 жасынан бастап жіберу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚаңтардаҚазақстан Республикасындағы білім туралы заңға ағымдағы жылдан бастап 6 жасқадейінгі балалар мектептерге қабылданады деген өзгерту енгізілді. Бұрын 6-дан 7-гедейін деп жазылған болатын. Ата-аналар өздері білетін. Баласын 6 немесе 7 жаста мектепке беретін. Заңғатүзетулер жылдың ортасында енгізілді, ата-аналар дайын болмады, балаларындайындамады. Сондықтан,биылғы жылы олар таңдау құқығына ие: баланы беру-бермеутуралы шешімді өздері қабылдайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жасар балаға арнапдайындалған. Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз», - деді Гүлнәр Қожабергеновабрифингте.

Алайда ол,ата-аналар балаларын мектепке 6 жастанжіберу керек деп атап өтті. Себебі, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшубасталды. Білім басшысы 6 жасындабаласын мектепке жібермеген ата-аналарға ешқандай шара қолданылмайтынын басаайтты.

«Ата-аналардыңбала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне негіз жоқ. Бағдарлама 6 жасар балаға арналған», - деп түйіндедібілім басқармасыныңбасшысы.

Соңғы жаңалықтар