Баланың көз алдында анасының басы лифтте кесіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 20 жастағы әйелдің басы лифтте оның 2 жасар баласының көзінше кесіліп қалды, деп жазады tsn.ua.

Олар сол кезде серуендеп қайтып келе жатқан. The Independent хабарлағандай, 20 жастағы Ольга Талинина ұлы Максиммен лифтке кіргенде, есік ойламаған жерден жабылып, оның аяғы қысылып қалған. Ол ұлын қауіпсіз жерге итеріп жіберген, алайда өзінің басы есіктің сыртында қалып қойыпты. Лифттің есігі ашылмаған, ал кабинаның өзі жоғарыға көтеріле жөнелген. Лифт жоғарыға көтеріліп, төбеге жеткенде Ольганың басы ұлының көз алдында қиылып түскен. «Менің түсінбейтінім, егер ол есіктің арасында кептетіліп қалса, неліктен лифт жүріп кеткен. Болған жағдайға әлі де сене алар емеспін», - дейді қаза болған әйелдің анасы.