Мичиган университетіндегі сарапшылардың тұжырымына сәйкес, тұрақты түрде таза ауада ойнайтын балалардың әдемілікке сүйсіну сезімі барынша терең, зерек, ойы ұшқыр болады.
Сондай-ақ, таза ауада тұрақты серуендейтін балалар өздерін бақытты сезініп, өздерін қоршаған әлем жайында қызығушылығы жоғары болатыны анықталған.
Зерттеуді жеті-сегіз жастағы балалар тобына Гретель ван Вирен мен Стивен Келлерт сынды ғалымдар жүргізген.