деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінің рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы білім берудің 7 индикаторы бойынша ұлғайды. Соның біреуі балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту көрсеткіші. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елді дамытудың таяу жылдардағы басым бағыттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту деп атап өткен болатын. Былтыр олардың саны 1209-ға ұлғайып, онда 39 мың бала қамтылды. Өткен жылы соңғы 2 айда ғана балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 37-ден 38,7 пайызға ұлғайды. Биыл ол 43,3 пайызға, ал мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 88 пайызға жетпек», дейді білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев. Елбасы Жолдауда мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамысыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырған болатын. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда дайындалып жатқан бұл бағдарлама алғаш рет биылғы жартыжылдықтан бастап жүзеге асырылмақ.