«balapan» көрермендерін жаңа маусымда не күтеді
«Үстіміздегі жылы «balapan» телеарнасы 50-ден астам жобаны жүзеге асырды. Телекөрілім зерттеулерін, балалардың күнтізбесін, көрермендер пікірін ескере отырып, маусым айынан бастап телеарнаның көрсетілім сеткасына айтарлықтай өзгерістер енгіздік, яғни 4 блокты бағдарламалауды 2 блокты жүйеге ауыстырдық. Бұл өз кезегінде эфирдегі телеөнімдердің қайталануын қысқартты. Нәтижесінде, арнамыздың рейтингінде тұрақты өсім байқалды», - дейді «balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы.
Күзгі маусымдағы жаңалықтардың бірі - қазақ күйлеріне негізделген 20 фильмнен тұратын «Қоңыр қаз» туындысы көрермендер назарына ұсынылды. Және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде еліміздің 80-нен астам тарихи ескерткішін қамтып, 20-дан астам нысанның 3D моделін жасаған «Жұмбақ жер» телеэкспедициясы жүзеге асты.
Одан бөлек, «Алтын қазық» этнотанымдық реалити шоуы, ұлттық би өнеріне құрылған «Қос алқа» және ұлттық өнерімізді ұлықтайтын «Үйрен де жирен» жобалары түсіріліп жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Астанада «balapan» телеарнасының 8 жылдық туған күніне орай балаларға арналған мерекелік концерт өтті.